БҰҰ Бас хатшысы босқындарды жаһандық деңгейде қорғауға шақырды

Аягөз Құрмаш

Әлем бойынша 43 миллионнан астам босқын бар

БҰҰ Бас хатшысы босқындарды жаһандық деңгейде қорғауға шақырды
Фото: БҰҰ

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Дүниежүзілік босқындар күніне орай бейнежазба жариялап, бүкіл әлем бойынша 43,4 миллион босқынды қорғау үшін бірге күш салуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Суданнан Украинаға, Таяу Шығыстан Мьянмаға, Конго Демократиялық Республикасына және басқа елдерге дейінгі қақтығыстар, климаттық хаос пен дүрбелең мыңдаған адамның үйлерінен кетуге мәжбүр етіп отыр», - деді А.Гутерриш.

Соңғы мәліметтер бойынша, бүкіл әлем бойынша 120 миллионнан астам адам мәжбүрлі қоныс аударғандар санатында, оның ішінде 43,4 миллионы босқын бар.

«Жыл сайын 20 маусымда атап өтілетін Дүниежүзілік босқындар күні олардың күші мен батылдығына құрмет көрсетуге, сондай-ақ босқындарды әр кезеңде қорғауға және қолдауға күш салуға бағытталған»,- деп еске алды А.Гутерриш.

Оның айтуынша, босқындарға жаһандық ынтымақтастық пен өз өмірін лайықты қалпына келтіру мүмкіндігі қажет.

«Мұндай құқыққа ие бола отырып, босқындар оларды қабылдайтын қауымдастықтардың өміріне айтарлықтай үлес қосады, бірақ олар тең мүмкіндіктерге, жұмыс орындарына, тұрғын үйге және денсаулық сақтауға қол жеткізуді қажет етеді», - деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы.

Синьхуа хабарлағандай, жас босқындарға өз армандарын жүзеге асыру үшін сапалы білім қажет екенін атап өтіп, А.Гутерриш ЕО-ны қабылдаушы елдерге, негізінен ЕО-ның табысы төмен және орташа мемлекеттерге, босқындардың қоғамдық өмірге және экономикаға интеграциялануын толық қамтамасыз ету үшін қолдау мен ресурстар қажет екенін айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.