Аймақтардан ұсыныстар түсіп жатқаны рас - Мақсат Толықбай Шымкент әкімінің орынбасары бола ма (ВИДЕО)

Темірхан Айжан

Депутат өңірлерден ұсыныстар түсіп жатқанын жасырмады

Аймақтардан ұсыныстар түсіп жатқаны рас - Мақсат Толықбай Шымкент әкімінің орынбасары бола ма (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне баратын- бармайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақпараттың қайдан шыққанын өзім де білмеймін. Өңірлерден ұсыныстар болып жатыр. Қалам ба (Парламент Мәжілісі депутаттығы – ред.), жоқ бір ауылға  барам ба, өңірге барам ба, уақыт көрсетеді. Елдің ортасындамыз», - деді ол.

Бұдан бұрын, депутат Толықбайдың қала әкімінің орынбасары болады деген ақпарат шыққан. Бірнеше желі белсендісі оны құттықтап та үлгірген еді.

Айта кетейік, ұзақ жылдар бойы журналист болып жұмыс істеген Мақсат Толықбай 2023 жылғы 28 наурыздан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған.

Үйленген, үш баласы бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.