14.06.2024, 10:52
Саясат
Кәрім Мәсімовтің рақымшылығын кім шешеді
Бүгін журналистер Жоғарғы Соттың өкілінен осы сұрақтың жауабын анықтауға тырысты
Фото: Kenzaburo Fukuhara/Pool via REUTERS
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллина Мәсімовке қатысты ешқандай іс жоғарғы сотқа түспегенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Рахметуллинаның айтуынша, жалпы, рақымшылық мәселесін сот шешпейді.
«Бүгінгі таңда Кәрім Мәсімовке қатысты ешқандай іс жоғарғы сотқа түскен жоқ. Рақымшылықты Жоғарғы сот шешпейді», - деді ол бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдаған.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
