Астанадан ұшқан Оңтүстік Корея делегациясы Ташкентке қонды

Azattyq Rýhy

Оңтүстік Корея Президенті Түрікменстан, Қазақстан және Өзбекстанға баруды жоспарлаған 

Астанадан ұшқан Оңтүстік Корея делегациясы Ташкентке қонды
Фото: Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі

Астанадан ұшқан Оңтүстік Корея делегациясы Ташкентке қонды. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Елдің Өзбекстанға мемлекеттік сапары басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сапар барысында Юн Сок Ёль Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізбек. Оның қорытындысы бойынша бірлескен құжатқа қол қою жоспарланған. 

Еске салсақ, 11-13 маусым күндері Корея президенті Юн Сок Ель Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ельге құрмет көрсетіп, бүгін елорда әуежайынан шығарып салды.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея президенттерінің кездесуі нәтижесінде 11 құжатқа қол қойылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.