Тоқаев Корея Президентін шығарып салды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін ресми Сеул делегациясы Ташкентке сапар шегеді

Фото: Ақорда

Корея басшысы Юн Сок Ёль елорда әуежайынан ұшып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды.

12 маусым күні Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді.

15 маусымға дейін жалғасатын сапар барысында Оңтүстік Корея басшысы Түрікменстан, Қазақстан және Өзбекстанға баруды жоспарлап отыр. Бүгін ресми Сеул делегациясы Ташкентке сапар шегеді.