Бүгін Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді
Соңғы рет Қауіпсіздік кеңесінің отырысы 2020 жылдың 11 ақпанында өтті

Бүгін Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді», - делінген жазбасында.
Айдос Үкібай отрыста қандай мәселе сөз болтанынын да айтты.
«Қауіпсіздік кеңесінің отырысында дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру, сондай-ақ экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму шаралары қаралады», - деп жазды ол.
Елбасы соңғы рет Қауіпсіздік кеңесінің отырысын 2020 жылдың 11 ақпанында өткізген болатын. Отырыс барысында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдай, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері қаралды.