Сыртқы істер министрі Лавровтың шақыруымен Ресейге барады
Мұрат Нұртілеу БРИКС сессиясына қатыспақ
Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресейге баратынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«10-11 маусымда ҚР премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавровтың шақыруымен БРИКС-тің дамушы елдермен диалогі министрлік сессиясына қатысу үшін Ресей Федерациясына барады. Іс-шара Нижний Новгород қаласында «Әділетті жаһандық даму мен қауіпсіздікті көпжақты нығайту тақырыбында өтеді», - дейді Айбек Смадияров министрліктің дәстүрлі брифингісінде.
Ресми өкілдің айтуынша, сессияға БРИКС-қа мүше елдер, Мысыр, Иран, Бразилия, Үндістан, Сауд Арабиясы, Эфиопия, БАӘ сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен шақырылған елдер қатысады.
«Министрліктердің сессиясы аясында Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді», - дейді Смадияров.