Макрон мерзімінен бұрын сайлау болатынын мәлімдеді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Парламентті таратты

Фото: facebook.com/elysee.fr/

Франция президенті Эммануэль Макрон Парламенттің төменгі палатасы – Ұлттық Ассамблеяның таратылатынын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен Ұлттық Ассамблеяны таратамын. Жаңа парламенттік сайлау туралы жарлыққа жақын арада қол қоямын. Сайлаудың туры 30 маусымда, екіншісі 7 шілдеде өтеді», - деді Макрон.