Қазақстан бойынша бір мыңнан астам жылжымайтын мүлік талдауға ілінген
Бас прокуратура елдегі 1 мыңнан астам және шетелдегі 150-ден астам мүлік объектілері туралы мәліметтерді талдап жатыр. Сонымен қатар тағы 600 млрд теңгенің бағалы қағаздары да осы талдауға іліккен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Қазақстанда 200-ден астам және шетелде 140 банк шоттары анықталды. 2 трлн теңгеге жуық күдікті транзакциялар тексеріліп жатыр», - деп хабарлады бүгін Бас прокуратура.
Дереккөзіне сүйенсек, мемлекет пайдасына 375 млрд теңгеден асатын активтер қайтарылған.