Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының төрағасымен кездесті
Кездесуде көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективалары талқыланды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вячеслав Володин сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Еуразиялық интеграцияның келешегі жөнінде пікір алмасты.
Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және бауырлас Қазақстан мен Ресей халықтарының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды.