Иран астанасында халық президентпен қоштасты
Оның денесі жер қойнына 23 мамырда тапсырылады
Тегеранда Иранның марқұм президенті Ибрахим Раисимен, Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиянмен және басқа да қаза тапқандармен қоштасу рәсімі өтті. Олардың денелері елдің солтүстік-батысындағы Табриз қаласынан ел астанасына жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Салтанатты рәсім «имам Хомейнидің Мосалла» сәулет кешенінде өтті. Дәл сол күні Табризде және Кум провинциясында осындай іс-шаралар өтті.
Синьхуа хабарлағандай, сәрсенбіде Тегеранда И.Раисиді және басқа да қаза тапқандарды еске алу рәсімдері өтеді.
Марқұм президенттің денесі имам Реза кесенесінде жерге беріледі.
Еске салсақ, Иран президенті отырған тікұшақ Әзербайжаннан Иранға қайтып бара жатқан кезде апатқа ұшыраған еді. Президенттің жерлеу рәсіміне Қазақстан атынан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысады.