Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті
Тараптар көпжақты ұйымдар аясындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты
![Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/main_page_full/uploads/news/2024/05/21/664cc040b64b9038157954.jpg)
Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға баса мән бере отырып, қазақ-фин байланыстарын барлық бағыт бойынша одан әрі қарқынды дамытуға өзара мүдделі екенін білдірді.
Тараптар көпжақты ұйымдар аясындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Финляндияның 2025 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық қызметіне табыс тілеп, Қазақстанның конструктивті ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін растады.