Словакия: премьер-министрге оқ атқан күдікті сот алдында жауап берді
Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Словакияның премьер-министрі Роберт Фицоның өміріне қастандық жасады деп айыпталған күдікті сотқа тартылып өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Сот 71 жастағы зейнеткер және «Прогрессивті Словакия» оппозициялық либералды партиясының жақтаушысы Юрай Цинтуланы елдің премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасады деген күдікпен қамауға алды.
Словакиялық БАҚ-тың хабарлауынша, айыптаушы тарап қаскүнемді сот төрелігінен қашып, жаңа қылмыстар жасауы мүмкін деп қорқып, қамауға алуды талап еткен.
Ер адамға бұрын саяси себептермен кісі өлтіруге оқталғаны үшін айып тағылған. Сот отырысында ол кінәсін мойындады. Шабуылдаушыға кемі 25 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо Банска-Бистрицадағы аурухананың жансақтау бөлімінде жасалған жаңа операциядан кейін ауыр халде жатыр.