Маңғыстау облысының мәслихатында тіркеу басталды
Бүгін, 17 мамыр күні сағат 17.00-де Маңғыстау облысының қалалық және аудандық мәслихаттары облыстың жаңа әкіміне келісім беру үшін жиналады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Маңғыстау облысының мәслихаты 2024 жылдың 17 мамыры күні сағат 17.00-де Маңғыстау облысының әкімі кандидатурасына келісім беру үшін облыс аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының жиналысы өтетінін хабарлайды. Жиналыс Ақтау қаласы, 14 шағын ауданында өтеді. Тіркеу сағат 16:00-ден басталады», - деп хабарлайды мәслихаттың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше президент Нұрлан Ноғаевты Маңғыстау облысы әкімінің қызметінен босатқан.