Бұл туралы елдің үкіметі хабарлады
Ресей Еуразиялық экономикалық одақтағы елдерге шығарылатын қант экспортына шектеу қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy РФ үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шектеу 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Осы арқылы Ресей үкіметі өз нарығының тұрақтылығын қамтымақ.
Тиісті қаулыға сәйкес, Ресей Арменияға 28 мың тонна, Беларусқа 5 мың тонна, Қазақстанға 120 мың тонна, Қырғыз еліне 28.5 мың тонна қант экспорттауға ғана мүмкіндік береді.