Жаңа Заң жобасына сәйкес, 25 жасқа толмағандарға құмар ойындарға қатысуға рұқсат етілмейді
Мәжілістің жалпы отырысында ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдадық. Бұл - біздің қоғамдағы құмар ойындарға тәуелділікпен күресуге бағытталған маңызды қадам. Бұл туралы Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Осы мәселеге халық қатты алаңдап отыр. Статистикаға сәйкес, 400 мыңға жуық қазақстандық ойын мекемелерінің тұрақты тұтынушылары екен. Бұл тек ресми тіркелгені ғана. Құмар ойындарға тәуелділік көптеген қылмыстың себебіне де айналды. Отбасының ойран болуына, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізуде. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы сессия аяқталғанға дейін құмар ойынға тәуелділікті азайту үшін қатаң шаралар мен жаңа заң қабылдауды тапсырды», - деп жазды Қошанов.
Депутаттар әзірлеген түзетулерде қоғамымызды осы дерттен сауықтыратын нақты ұсыныстар қамтылды:
«Бұл - қарастырылып жатқан нормалардың бір бөлігі ғана. Заң жобасы бойынша жұмыс әлі де жалғасады. Екінші оқылымға дейін депутаттар бүгін жалпы отырыста айтылған барлық ұсынысты зерделеп, сарапшылардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің және барлық мүдделі тұлғаның қатысуымен енгізілген түзетулерді талқылап, пысықтауы тиіс. Жаңа заң жобасы қоғамды құмар ойындарға тәуелділіктен тиімді қорғауы керек», - деп жазды Мәжіліс Төрағасы