$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Су тасқыны мен құрғақшылық мәселесін мемлекет жалғыз шеше алмайды - Ұлыбритания министрі

Дэвид Кэмерон үш бағытты ұсынды 

Су тасқыны мен құрғақшылық мәселесін мемлекет жалғыз шеше алмайды - Ұлыбритания министрі
Фото: getty images

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Орталық Азия елдері және Монғолиямен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Осы аптада Орталық Азияның бес елі мен Моңғолияны түгел аралаған тұңғыш Британия министрі болып отырмын. Аралаған алты мемлекет өзіндік жолымен тез өзгеріп келеді. Мен олардың әрқайсысымен қазіргіден де берік ынтымақтастық орнатқым келеді, бұл бәріміз үшін пайдалы болмақ», - деді ол Тәжікстанға ресми сапары кезінде.

Ол геосаяси тұрақсыз, құбылмалы әлемде өмір сүріп жатқанымызды еске салып, осы бағытта бірлігімізді арттыруға шақырды. Қазақстан мен Монғолияда алапат су тасқыны мен құрғақшылықтың күрт артуы сияқты табиғат сынақтарын ешбір ел жападан-жалғыз шеше алмайтынын жеткізді.

Дэвид Кэмерон үш бағытты атады:

- жемқорлықпен күрес және өңірдің санкцияны айналып өтетін «заңсыз жолға» айналмауын қамтамасыз ету;

- Ұлыбритания Орталық Азия елдерінің компанияларына салатын инвестициясын арттырып, компанияларға қолдау көрсетеді.

- Білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін Орталық Азиядағы Chevening грантын арттырады.

Серіктес жаңалықтары