Тоқаев ЕАЭО-ның онлайн-саммитіне қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

Онда COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«14 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады. Жиын барысында COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық тұрақтылығын қолдауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланады», - деді Берік Уәли.

Оның айтуынша, отырыстың қорытындысы бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше елдер бірлескен мәлімдеме қабылдауды жоспарлап отыр.