АҚШ Сенаты Украинаға, Израильге және Тайваньға 95 миллиард АҚШ долларына көмек пакетін мақұлдады
Өкілдер палатасының спикері заң жобасын қабылдамауы мүмкін

Демократтар мен республикашылардың арасында келіспеушілік туғызған даулы заң жобасы Өкілдер палатасының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон заң жобасын қабылдамауы мүмкін. Себебі, құжаттың редакциясында АҚШ-тың оңтүстік шекарасында шекаралық бақылауды қатаңдатуға арналған шығыстар тіркелмеген. Ал Төменгі палатада үстемдік ететін Республикалық партия оны талап етіп отыр.
Егер заң жобасы қабылданса, қаржының 60 миллиард доллары Украинаға, 14 миллиард доллар Израильдің ХАМАСҚА қарсы соғысына, 10 миллиард доллар Газа секторындағы тұрғындарға гуманитарлық көмекке, 4 миллиард доллар Тайваньды қоса алғанда, Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы АҚШ серіктестерін қолдауға жұмсалады.