Болат Бақауовты үйқамақта ұстау мерзімі үш айға ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Павлодар облысының экс әкімі қаңтар айында қамалды

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үйқамақ мерзімі 13 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

«Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясының шешімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қылмыстық Прокуратура қызметінің басшысымен келісілген тергеу-жедел тобы басшысының  Павлодар облысының бұрынғы әкімі Б.Ж. Бақауовтың үй қамақ мерзімін үш айға, нақтырақ осы жылдың 13 мамырына дейін ұзарту туралы талабы қанағаттандырылды» , - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 15 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты ұстап, ол туралы «Бақауов лауазымын асыра пайдаланған» деген ресми мәлімдеме жасады. Ал, 17 қаңтарда Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу соты Бақауовтың екі айға уақытша қамауға алынғанын хабарлады.