12.02.2024, 18:07
Саясат
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне Ертіс өңірін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді

Асайын Байханов Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір басшысы аймақтағы әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстарды тізіп шықты:
- облыс экономикасына 965 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп;
- жолаушылар тасымалы секторында 31 пайыз, машина жасау ісінде 13 пайыз, құрылыс саласында 8 пайыз өсім байқалады;
- 73 шақырымнан астам жылумен қамту желісіне реконструкциялау жұмыстары жүргізілген;
- Екібастұз жылу электр орталығындағы барлық 10 қазандық агрегат жөнделген;
- техникалық суға арналған 11 шақырым жаңа құбыр тартылып, 5,4 шақырым магистральды жылумен қамту желісіне реконструкция жасалған;
- облыстағы ауылдарда үш заманауи мектептің салынуы апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселені шешуге мүмкіндік берген. Өңірде 54 білім беру ұйымы толықтай жаңғыртылған;
- екі жыл ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 30 жаңа медициналық нысан салынады;
- облыста қоғамдық көлік жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары басталған. Былтыр қалалық автобус паркі 130 жаңа автобуспен толықтырылған. Сондай-ақ 722 шақырым автожол жөнделген;
- былтыр 37 мыңнан астам халқы бар 44 ауылға жаңа су құбыры тартылған. Осылайша, облыстағы ауыл тұрғындарының 98 пайызына таза ауызсу жеткізілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне Ертіс өңірін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
07.05.2025, 06:39
Маңғыстауда демалушылар тастарға жазу жазып, жағалауды қоқысқа толтырды
07.05.2025, 08:57
Өзбекстанда сырттай оқуға қабылдау тоқтатылады
08.05.2025, 13:15
«Қайтадан кіші сержант болып қалдым»: Мадина Сәдуақасова мен қазақ әскерін не байланыстырады
07.05.2025, 10:35
Әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы Жеңіс күнімен құттықтады
Редактордың таңдауы
08.05.2025, 15:43
Елімізде Ұлы Отан соғысының 105 ардагері ғана қалған