$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.01.2024, 05:46
Саясат

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

Ол 2023 жыл еліміз үшін өзгерістерге толы болғанын айтты

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады
фото: ашық дереккөзден

Баршаңызды келіп жеткен жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – ізгі тілектердің тиегі ағытылатын, баршамызға қуаныш сыйлайтын және алдағы күннен үлкен үміт күттіретін айрықша мереке.

Енді санаулы сағаттардан кейін тарих қойнауына енетін 2023 жыл еліміз үшін өзгерістерге толы болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған кешенді реформалар жалғасын тауып, Әділетті Қазақстан құру жолында нақты қадамдар жасалды.

Соның нәтижесінде саяси жүйеміз нығайып, экономикалық бағдарымыз айқындалды. Ұлттық мүддені көздейтін маңызды шешімдер қабылданды. Осындай ауқымды жұмысқа Парламент, оның ішінде Сенат заңнамалық тұрғыдан үлкен үлес қосты. Алдағы жылы да елдік мұратқа табан тірейтін игі істер жалғаса беретіні анық.

Келе жатқан 2024 жыл еліміз үшін құтты, берекелі және табысты болсын. Ынтымағымыз нығайып, ырысымыз еселене берсін! Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін!

Тәуелсіз Қазақстанымыз өсіп-өркендей берсін!

Жаңа жыл құтты болсын!

Серіктес жаңалықтары