АҚШ пен Түркия Сириядағы әскери операцияларды уақытша тоқтатуға келісті

Автор: Azattyq Rýhy

Делегациялардың келіссөзінен кейін Дональд Трамп миллиондаған адамның өмірі құтқарылатынын жазды

Фото: aa.com.tr

17 қазан күні Анкарада өткен келіссөздер нәтижесінде АҚШ пен Түркия Сириядағы әскери операияларды уақытша тоқтатуға келісті, деп хабарлайды «Анадолы».

Келіссөздерге Түркия президенті Режеп Тайым Ердоған мен АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс қатысты. Кездесу жабық режимде өтіп, 2 сағат 40 минутқа созылды.

Кездесу аяқталғаннан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп жақсы жаңалығы бар екенін айтып, Twitter парақшасында «Миллиондаған адамның өмірі құтқарылады», - деп жазды.