19.12.2023, 13:07
Саясат
Жәннат Дүбірова Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады
Фото: primeminister.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Жәннат Балғабайқызы Дүбірова Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәннат Дүбірова 1987 жылы Қостанай облысында өмірге келген.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ұлыбританиядағы Манчестер университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Коммерциялық құрылымдарда метадеректер әкімшісі, IT жобалардың жетекшісі, менеджері, бас менеджері, Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
- 2016-2017 жылдары — «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
- 2017-2022 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК басшысы;
- 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болды.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты