$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.12.2023, 11:25
Саясат

«Кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады»: Тоқаев QARMET жайлы

Президент Үкімет бастапқы кезеңде компанияға көмектесуі керегін айтты

«Кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады»: Тоқаев QARMET жайлы
Фото ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде бұрын АМТ компаниясының жаңа басшысына қатаң талап қойылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жақында менің тапсырмаммен Қарағанды металлургиялық комбинатын қазақстандық компанияның меншігіне беру мәселесі сәтті шешілді. Жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – Үкіметтің ендігі міндеті. Содан кейін кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады. Кейбір өңірлердегі халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды нысандарда апаттардың жиілеп кетуі бүкіл еліміздегі инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымдарды жаңғырту аса қажет екенін айқын көрсетті», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл мәселе ондаған жыл бойы назардан тыс қалып, шешімін таппай келеді.

«Мемлекет қысқа мерзімде ревизия жүргізіп, қолданыстағы генерациялаушы қуат көздерін жөндеуде, жаңа нысандарды іске қосуда, жылу және басқа да инженерлік желілерді жаңартуда жүйелі жұмыстарға кірісті. Атап айтқанда, биыл еліміздің батысында электр желілерінің өткізу мүмкіндігін екі еседен астам арттыруға ықпал еткен ауқымды жоба жүзеге асырылды», - деді ол.

Еске салсақ, Қазақстан Үкіметі «АрселорМтталТеміртау» компаниясын 286 млн долларға сатып алды. Кейін компания кәсіпкер Андрей Лаврентьевтің қолына өтті. Компания атауы ресми түрде «QARMET» болып өзгертілді.

Серіктес жаңалықтары