$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Қатар инвестицияны өзара қорғауды қамтамасыз етеді

Мәжілісте арнайы келісім ратификацияланды

Қазақстан мен Қатар инвестицияны өзара қорғауды қамтамасыз етеді
Фото: turkystan.kz

Мәжілісте Қазақстан Үкіметі мен Қатар мемлекетінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісім 2022 жылғы 12 қазанда Астанада жасалды. Келісімнің мақсаты инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасау, тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ынталандыру және уағдаласушы елдердің экономикалық әл-ауқатын жақсарту. Уағдаласушы тарап өз мемлекетінің аумағында осыған ұқсас мән-жайлар болған кезде өзінің инвесторлары мен олардың инвестицияларына инвестицияларды басқаруға, күтіп-ұстауға, пайдалануға немесе оларға билік етуге қатысты беретін режимнен кем болмайтын қолайлы режимді екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің инвесторлары мен олардың инвестицияларына беретіні көзделеді», - деді Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Нәзира Нұрбаева.

Оның айтуынша, келісім екі тараптың аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде инвесторлардың халықаралық құқықтық кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Келісім инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде инвесторлардың құқықтарын, кепілдіктерін қамтамасыз ету арқылы ынтымақтастықтың құқықтық негізін құруды көздейді. Келісім ратификацияланған жағдайда оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеліп соқпайды. Республикалық бюджеттен қосымша қаржыны талап етпейді», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары