28.11.2023, 17:28
Саясат
Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент достас Албания халқына құт-береке тіледі
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Албания Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Бүгінде Албания тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің одан әрі қарыштап дамуына, еліңіздің мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін», – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Албания халқына құт-береке тіледі.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)