17.11.2023, 17:56
Саясат
Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды
Бұл қызметкен Мақсат Тұрлыбаев келді
Фото: stat.gov.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Қайратұлы Тұрлыбаев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мақсат Тұрлыбаев 1987 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. 2008 жылы КИМЭП (экономика бакалавры), 2013 жылы Сеул ұлттық университетін (Мемлекеттік басқару магистрі) бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады.
Мансабы:
- ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы (11.2008-10.2011);
- ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Мемлекеттік міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті басқармасының бас сарапшысы, басшысы (10.2011-07.2016);
- Павлодар облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы (07.2016-04.2020);
- Павлодар облысы Қаржы басқармасының басшысы (04.2020-02.2021);
- ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы хатшылығының инспекторы (02.2021-06.2022);
- ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары (07.2022 -17.11.2023).
«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.
Көп оқылған
16.02.2026, 11:10
Құрбан айттан кейін жоғалып кеткен: Таразда қызы мен немересі «өлді» деп таныған әже тірі болып шықты
16.02.2026, 16:49
БҚО-дағы дүкендердің бірінде азық-түлік бағасы рубльмен көрсетілген
16.02.2026, 14:27
«Тіпті 5-6 сынып оқушылары шеше алмайтын есепті біледі»: Қазығұртта төрт жасар «wunderkind» бала тұрады
16.02.2026, 17:41
«Екі әріпті ақысыз түзеп береді»: Қазақстанның әуежайларында жаңа ереже қолданысқа енді
16.02.2026, 10:15
Шоумен Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды