Люксембургте «Қазақстан – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық кеңесінің 20-шы отырысы өтті
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу еуропалық институттардың жоғары өкілдерімен және ЕО елдерінің СІМ басшыларымен бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізді
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық кеңесінің 20-шы мерейтойлық отырысына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Еуропалық келіссөздер делегациясын ЕО Кеңесіне төрағалық ететін Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық Одақ және ынтымақтастық министрі Хосе Мануэль Альбарес бастады.
Тараптар Қазақстанның Еуроодақпен көпжоспарлы өзара іс-қимылына дәстүрлі шолу жүргізіп, Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің іс жүзіндегі орындалуын талқылады. Энергетика, көлік және логистика, цифрландыру, азаматтық авиация, визалық режимді жеңілдету, сондай-ақ сыни шикізат материалдарын өндіру және пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ ҚР СІМ басшысы Еуропалық Одақ өкілдерімен және еуропа елдерінің Сыртқы істер министрлерімен кездесулер өткізді.
«Орталық Азия – Еуропалық Одақ» Министрлік кездесуінің 19-шы отырысының аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу еуропалық институттардың жоғары өкілдерімен және ЕО елдерінің СІМ басшыларымен бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізді.