Құран сияқты қасиетті кітаптар вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс – Президент

Мемлекет басшысы мұндай жағдайларға алаңдаушылық білдіретінін жеткізді

Құран сияқты қасиетті кітаптар вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс – Президент
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөйлеген сөзінде Құран өртеу оқиғаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы ұсынған «Бейбітшіліктің жаңа күн тәртібін» қолдайтынын жеткізді.

Оның айтуынша, бұл стратегиялық құжат әлемде белең алған сенімсіздік пен өшпенділікке қарсы тұруы керек.

«Қазақстан келер жылы өтетін Болашақ саммитінде Болашақ пактісін қабылдау ісінде сындарлы және қолдаушы рөлін атқарады. Бірақ қару-жараққа тыйым салумен немесе декларацияға қол қоюмен ғана бейбітшілік орнамайды. Бейбітшілік мәдениетін қалыптастыруда дінаралық және конфессияаралық диалог маңызды рөл атқарады. Жуырда қасиетті кітаптарға құрметсіздік таныту актілері болды. Біз осы жағдайға алаңдаушылық білдіреміз.

Исламға және басқа да діндерге қатысты жасалған мұндай тағылық әрекеттерден еркіндіктің, сөз бостандығының және демократияның нышаны білінбейді. Құран секілді қасиетті кітаптардың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тақырыпқа орай: Құранды өртеу әрекеті: Қазақстан БҰҰ қарарына теңавтор болды

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.