Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін «Қасри Миллат» сарайына келді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Сондай-ақ Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысының қатысушылары ортақ фотоға түсті.