$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аралды құтқару: Орта Азия елдері басшыларының келесі кездесуі Қазақстанда өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы бандама жасады

Аралды құтқару: Орта Азия елдері басшыларының келесі кездесуі Қазақстанда өтеді
© Sputnik

Тәжікстанда тіп жатқан Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев келесі кездесуді Қазақстанда өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«Бүгінгі саммит тығыз ынтымақтастық, өзара тиімді серіктестік жасау және бір-біріміздің мүдделерімізді құрметтеу арқылы ғана аймағымыздың тұрақты дамуын, қауіпсіздігі мен экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз ете алатынын анық көрсетіп отыр. Біздің кездесуіміз су саласындағы өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін шешімдерді уақтылы және бірлесе қабылдауға мүмкіндік береді деп сенемін.

Жоғары деңгейдегі келесі кездесуді өзім бастамашы болған БҰҰ аясындағы аймақтық климаттық саммитпен біріктіре отырып, 2026 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынамын. Сөзімді қорытындылай келе, Қор қызметін мүлде жаңа деңгейге көтеру үшін Қазақстан бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін тағы да растағым келеді. Қор жұмысына барлық құрылтайшы мемлекеттің белсенді араласуы су мәселесін тиімді шешуге және аймақтық интеграцияның одан әрі нығаюына ықпал етеріне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.

Ол сондай-ақ Орталық Азияның су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын ұсынды.

Серіктес жаңалықтары