Ерлан Нұрпейісов Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды

Автор: Аманалина Тоғжан

Ол бұған дейін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарды

Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Садкенұлы Нұрпейісов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ерлан Нұрпейісов 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы техникалық институтын бітірген.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1992 жылы ІІБ өрт сөндіру бөлімінің дайындық және өрт сөндіру қызметі, өрт техникасы және байланыс құралдары бөлімінің инженері болып бастады.
  • 1993-1997 жылдары — ШҚО ІІБ жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің инженері, аға инженері.
  • 1997-2000 жылдары — ШҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметі материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің аға инженері.
  • 2000-2002 жылдары — ШҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Жедел басқармасы өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің аға инженері.
  • 2002-2005 жылдары — ШҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бас басқармасының жедел басқармасы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.
  • 2005-2006 жылдары — ШҚО Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметін үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары.
  • 2006-2007 жылдары — ШҚО Өртке қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары.
  • 2007-2012 жылдары — ШҚО ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ басшысы.
  • 2012-2018 жылдары — Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
  • 2018-2020 жылдары — Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
  • 2020 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарды.