$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада Қазақстан мен Түркияның СІМ басшылары кездесу өткізіп жатыр

Хакан Фидан елімізге алғаш рет келіп отыр

Астанада Қазақстан мен Түркияның СІМ басшылары кездесу өткізіп жатыр
Фото: akorda.kz

Түркия Сыртқы істер министрі болып тағайындалған Хакан Фидан алғаш рет Қазақстанға іс-сапармен келіп отыр. Хакан Фидан Астана қаласына ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің шақыруымен келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Хакан Фиданды қуанышпен қарсы алғанын айтты.

«Өздеріңіз түсініп отырғандай, бауырымыз келіп отыр, сағынысып көрісіп жатырмыз. Біраз әңгіме қозғадық, көп мәселе талқыладық. Әріптес бауырым Астанаға ат басын тіреп, арнайы келіп отыр. Қуаныштымын. Бұл - оның Астанаға ең алғашқы ресми сапары», - деді Мұрат Нұртілеу.

Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан екі мемлекет арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.

«Қазақстан мен Түркия тек бауырлас ел емес, сонымен қатар стратегиялық әріптес болып саналады. Қазақстан өз аймағында маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мені қабылдайды деп ойлаймын», - деді Хакан Фидан.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары