Экология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

Azattyq Rýhy

Бұған дейін Ерлан Нысанбаев Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған

Экология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ол осы жылдың наурыз айынан бастап Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. 

Ерлан Нысанбаев 1961 жылдың 11 тамызында Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институты мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы - орман шаруашылығы инженері.

Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін аталған лауазымды Зүлфия Сүлейменова атқарды. Ол 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметінен босатылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.