$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.09.2023, 12:16
Саясат

Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн – Президент

Жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастырылады

Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн – Президент

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беруді ұсынды. Бұл, ең алдымен, сол жердегі мәселелерді жедел шешу үшін қажет, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұдан бөлек, жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыру керек.

«Бұл шара бизнестің дамуына үлкен серпіліс әкелмек. Ұсынылып отырған бастама өте маңызды. Келешекте аймақтардың табысты дамуына айрықша ықпал етеді. Сол себепті барлық әкім бюджетаралық қатынастардың жаңа үлгісіне көшу кезінде оның біртұтас мемлекетімізге тигізетін пайдасы және тиімділігі туралы ойлауы керек», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары