$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2019, 13:50
Саясат

Казак атамандары Божкоға неге шүйлікті?

Вице-спикер «Казак атамандарының бүкіләлемдік одағы» ұйымының басшысы Юрий Захаров Алматыдағы баспасөз мәслихатын өз мүддесін қорғау үшін ұйымдастырып отыр дейді

Божконың айтуынша Ю.Захаров Жетісу казактары ұйымына қарасты тарихи ғимаратты өз меншігіне өткізіп алған.

«Захаров сот шешімі бойынша бір аптадан кейін Жетісуда рейдерлік жолмен ұстап отырған ғимаратты босатуы керек. Шешімді өзгертуге әсер ету үшін оларға қандай да бір шу шығару керек болды. Сөйтті де БАҚ-ты жинап пресс-конференция өткізді. Менің сотқа мүлдем қатысым жоқ.», - деді Божко.

Дегенмен депутат казактар қауымдастығы өзіне неге қарсы шыққанын түсінбейді.

«Себебі мен орыс-славян казактары заңды тұлғалар қауымдастығын басқарамын. Жетісу, Солтүстік, Батыс тағы басқа өңірлердегі казактар ұйымдарының бәрі бізге қарайды. Бізде көбінің әдеті сол, жағдайды өзгерту үшін басқаны пайдаланғысы келеді. Біз Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесіміз. Бұлар неге мәселені ассамбеляның өз ішінде шешуге тырыспады. Түсінбедім. Арамызда бұрын ешқандай ерегіс болған емес», - деді ол.

Кеше Алматы қаласында бір топ белсенді Мәжіліс Депутаты Владимир Божконың өкілеттілігін тоқтату туралы жиналыс өткізген. Айта кетейік, Владмир Божко «ҚР-дағы орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басшысы.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Владимир Божко