15.08.2023, 10:11
Саясат
Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады
Президент екі елді ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестік қатынастар байланыстыратынын атап өтті
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдап, ізгі тілектерін жеткізді, деп Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Президент Қазақстан мен Үндістанды ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестік қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, екі елдің мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.
Мемлекет басшысы Нарендра Модидің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды