Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Azattyq Rýhy

 Президент екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді

Мемлекет басшысы Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді.