14.08.2023, 09:13
Саясат
Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының тиісті жарлығы шықты
Фото: mfa.gov.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Тілеуберді мен Данат Мұсаевты жаңа қызметтерге тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 17:11
Алматыда электросамокат мінген ер адам түнгі уақытта көліктермен жарысамын деп көз жұмды (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды