Мемлекет басшысына ірі жобаның жүзеге асырылу барысы таныстырылды
Жоба аясында 15 тонна алтын алу жоспарланған
Мемлекет басшысына Poly Metal International plc халықаралық компаниясы қолға алған ірі жобаның жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап.
Жоба аясында құрамында алтыны бар 300 мың тонна концентратты қайта өңдеп, одан 15 тонн алтын алу жоспарланған. Өндіріске құйылатын инвестициия көлемі – 347 млрд теңге.
Бұдан бөлек, Президентке өңірдегі электроэнергетикақ кәсіпорындардың техникалық жағдайы туралы баяндалды. Облыс әкімі ГРЭС-1 және ГРЭС-2 энергоблоктарын, сондай-ақ Ақсу қаласындағы №7 электростанции жаңғырту жұмыстары 2024 жылы аяқталатынын айтты.
Сонымен қатар Асайын Байханов азық-түлік өндірісін ұлғайту перспективасы жөнінде мәлімет берді. Оның айтуынша, облыста сүт өндірісі және оны қайта өңдеу көлемі артып келеді. Биыл қосымша 10 жаңа заманауи ферма салынады. Оған 30 миллиардов теңгеден астам инвестициия тартылған.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуын қамтамасыз етуді және әлеуитті инвесторлар тарту бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.