10.07.2023, 13:03
Саясат
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына Арман Жүдебаев тағайындалды
Бұған дейін аталған қызметті Нұрғиса Дәуешов атқарған болатын
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
Ол еңбек жолында:
- 2007-2009 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің әртісі;
- 2009-2011 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасының оқытушысы;
- 2011-2013 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы.
- 2013-2018 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері;
- 2018 жылдан осы уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры;
- 23.05.2023 жылдан бері ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады