Бір жыл бұрын ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды - Тоқаев

Автор: Azattyq Rýhy

Президент елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табатынын айтты

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметіне келгеніне бір жыл болғанын еске алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды. Мемлекетіміздің негізін қалаушы - Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды. Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады», - деп жазды Президент.

Естеріңізге сала кетсек, бір жыл бұрын, яғни, 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеген еді. Ел конституциясына сәйкес, Қазақстан президентінің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылғандықтан қалған мерзімде оның өкілеті Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшкен болатын.