Президент медицина мамандарына алғыс білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Тоқаев Үкімет оларға сыйақы беру шараларын қабылдайтынын айтты

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мамандарына алғыс білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қ.Тоқаев төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшуді тапсырған болатын.