$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2019, 11:45
Саясат

Қоғам белсенділері Божконың депутаттық өкiлеттiгiн тоқтатуды талап етті

Бүгін Алматыда бір топ қоғам белсенділері Парламент Мәжілісінің депутаты Владимир Божконың үстінен шағым жасап, сағат 12:00-де арнайы баспасөз мәслихатын өткізеді. Аталмыш жиынды тікелей эфирден «Азаттық рухы» сайтының фейсбуктегі парақшасынан көре аласыздар

Қоғам белсенділері Божконың депутаттық өкiлеттiгiн тоқтатуды талап етті

Қызмет жолын әу баста слесарь-сантехник болып бастап, бүгінде ҚР Парламеті Мәжілісінің депутаты лауазымында отырған 70 жастағы зейнеткер Владимир Божконың бұған дейін жасаған мәлімдемелерін қоғам белсенділері шектен шыққандық деп санайды. Мұндай шағымды басқа емес, кезінде В.Божконы өздері бәйгеге қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері жасайды. Олар ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР ҰКК төрағасы Кәрім Мәсімовке, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мен ҚР Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың атына Владимир Божконың жұмысын тоқтата тұру туралы хат жолдамақ.

Баспасөз мәжілісін ұйымдастырушылардың талаптары:
ҚР Мәжілісі депутаттығына «ҚР-дағы орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ атынан ұсынылып, Қазақстан халқы ассамблеясының тізімі бойынша сайланған, ҚР ҰҚК генерал-лейтенанты Божко Владимир Карповичтің үстінен қызметтік тексеріс жүргізу және оның депутаттық қызметі кезіндегі жеккөрушілік пен әлеуметтік қастастық, рейдерлік, қорлық көрсету сипатындағы әрекеттері мен сөздері үшін құқық қорғау органдарына шағымдану және оның депутаттық өкілеттігі мен генералдық шені үшін берілетін барлық жеңілдіктерді тоқтату, делінген БАҚ-қа таратылған баспасөз баянында.

Алматыда өтетін баспасөз жиынына «Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестіру кеңесі» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары - Артықпаев Асылхан Абылғазыұлы, заңгер Резван Василий Александрович,  «Қазақстанның орыс қоғамдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі басшының орынбасары - Киндалев Михаил Федорович, сонымен қатар «Қазақстанның казак қоғамдық бірлестіктері одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің  жетекшісі - атаман (төрағасы) Таранов Виктор Александрович қатыспақ. Мәжілісменнің сөздеріне баға беру үшін жиынға  Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысы, Қазақстанның түркі-славян бірлігі қозғалысының төрағасы  Қожа-Ахмет Хасен Кәрімжанұлыда қатыспақ.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Владимир Божко