$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2019, 10:13
Саясат

АҚШ Түркияға қарсы санкциялар енгізді

Санкциялар Сириядағы жағдайға байланысты қабылданды

АҚШ Түркияға қарсы санкциялар енгізді
Фото: ria.ru

Сириядағы әскери операцияға байланысты АҚШ Түркияға қарсы алғашқы санкцияларын енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Санкциялық тізімге Түркияның энергетика министрлігі, қорғаныс министрлігі сондай-ақ, үш лауазымды тұлға: Қорғаныс министрі, Түркия генштабының экс-қолбасшысы Хулуси Акар, Энергетика министрі Фатих Донмез, Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Сулейман Сойлу енген. Санкциялар Сириядағы жағдайға байланысты қабылданды.

«Президент Дональд Трамп Түркияның Сирияның солтүстік-шығысына қарсы әскери шабуылын тоқтату үшін қысым жасауға бағытталған жарлыққа қол қойды. Бұл қаулы қаржы министрлігі мен мемлекеттік департаментке Түркия үкіметімен байланысы бар және Сирияның солтүстік-шығысында бейбітшілік пен тұрақтылықтың шырқын бұзу әрекеттеріне қатысатын ұйымдар мен жеке тұлғаларға санкция қарастыру және енгізуіне өкілеттік береді», - делінген мемлекеттік хатшы Майк Помпеоның жазбаша мәлімдемесінде.

Серіктес жаңалықтары