$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2023, 13:27
Саясат

Тоқаев кеденге қатысты келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Тоқаев кеденге қатысты келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды
Фото ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі келісімді ратификациялауға туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетсек, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті келісім ЕАЭО аясында транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде заманауи ақпараттық технологиялар мен электрондық құжат айналымын пайдалану кезінде кепілдік тетіктерін дамытуға және бизнеске түсетін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары