II Елизавета патшайым Ұлыбритания Еуроодақтан қазанның соңына дейін шығуға ниетті екенін мәлімдеді, деп жазады Financial Times
«Осы аптада өтетін Еуроодақ саммитіне дейін екі тарап Brexit келіссөздерін жүргізіп жатыр. Екі күнге созылатын келіссөздерде Ұлыбританияның жаңа кедендік талаптары ерекше назарда болады», деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, дипломаттар келіссөздердің баяу жүріп жатқанына алаңдаушылық білдірген.
«Келіссөздердің алға жылжымауы 17-18 қазан күнгі саммитте келісім жасау мүмкіндігіне қауіп төндіреді, яғни 29 және 30 қазанда Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына қатысты қосымша саммит өткізілуі мүмкін», деп жазады басылым.
Бүгін Парламент сессиясының отырысында ІІ Елизавета патшайым Ұлыбритания Еуроодақтан шыққан соң министрлер кабинеті 26 заң жобасын қайта жасайтынын айтты.