ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 142 адамнан коронавирус анықталды

Сенат Орталық сайлау комиссиясында ауыс-түйіс жасамақ

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысы өтті

Бүгін Жоғарғы палата өкілдері Орталық сайлау комиссиясының мүшесі әрі хатшысы қызметін атқарған Бақыт Мелдешовті қызметінен босату жайын талқылады.

«Бірнеше жыл бірге қызмет атқардық. Ол өз міндетін, табысты әрі абыройлы атқарды деп ойлаймын. Комиссия хатшысы ретінде Президент, Парламент, Мәслихат сайлауының заң шеңберінде өтуіне өз үлесін қосты. Сондықтан Сенатқа Бақыт Сәрсенбайұлы Мелдешовты ОСК мүшесі қызметінен босату туралы мәселені Парламент Сенатының отырысында қарауды шығаруды ұсынамын», - деді сенатор Ләззат Сүлейменова.

Депутаттар Бақыт Мелдешовтың қызметін тоқтату туралы мәселені 12 наурызда өтетін Сенаттың жалпы отырысында қарайды. 

Бақыт Мелдешов 1959 жылы туылған. Әр жылдары заң саласында, Жоғарғы сот пен Парламент Сенатында түрлі қызмет атқарған.

  • 1998 жылдан - ҚР Орталық сайлау комиссиясының кеңесшісі, бөлім меңгерушісі.
  • 2003 жылдан - ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
  • 2007 жылдың қаңтар айынан бері - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.
  • 2010 жылғы 9 сәуір күні Парламент Сенатының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына жаңа бес жылдық мерзімге тағайындалды. 2010 жылғы 16 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының атшысы.

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан