Сапар барысында Мемлекет басшысымен және бірқатар министрлермен кездеседі
18 сәуірде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Мариано Гросси Қазақстанға келеді. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«18 сәуірде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Мариано Гросси жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді. Сапар барысында Мемлекет басшысымен, ҚР Сыртқы істер, Энергетика және Денсаулық сақтау министрлерімен кездеседі, сондай-ақ Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының аумағында орналасқан агенттіктің аз байытылған уран банкіне барады», - деп мәлім етті ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.